облыстық ІТ-жобалар хакатоны
Жүлде қоры: 1 800 000 теңге
+ ЖОО гранттары
Қазақстан жастары арасында «Smart city Kyzylorda» концепциясы аясында инновациялық жобалар, ақпараттық технологиялар мен стартап жобаларды дамытуға арналған «Artificial intelligence», «Modeling», «Development» бағыттарында IT-жобалары мен шешімдерінің байқауы.
Хакатон жалпы жүлде қоры: 1 800 000 теңге
+ ЖОО гранттары.
1-орын - 300 000 теңге - 3 жоба
2-орын - 200 000 теңге - 3 жоба
3-орын - 100 000 теңге - 3 жоба
- Ақылды тұрғын үй-комуналдық шаруашылық - Қызылорда қаласының жылу, тоқ, газ, су жүйелерінде қолданылатын жасанды интеллект;
- Қауіпсіз орта - Қызылорда қаласының бейнежазбаларын ЖИ арқылы аналитикалық талдау жүйесін жасау;
- Ақылды трафик - Қызылорда қаласының көлік қозғалысын аналитикалық талдау жүйесін жасау;
- Медициналық кеңесші - Тұрғындарға алғашқы медициналық кеңес беретін ЖИ боттарын жасау.
- Kyzylorda Hub технопаркінің жаңа инфрақұрылымының 3D моделін әзірлеу;
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтының жаңа инфрақұрылымының 3D моделін әзірлеу;
- Қызылорда қаласының Сол жағалауына жаңа құрылыс объектілерінің концепттерін әзірлеу.
- Қызылорданың тұрмыс-тіршілігіне пайдасын тигізетін мобильді қосымшалар мен веб-қосымшаларды әзірлеу.
Smart City Hackathon Kyzylorda 2024
Smart City Hackathon Kyzylorda 2023
8 705 729 12 07
Жахаев 11, Қорқыт Ата университетінің Студенттер сарайы
2ГИС-тен бағыт салу
Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен